Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі тағы екі айға ұзарды
Дикий Арман лақапатымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімі тағы екі айға ұзарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, үшінші маусымда Алматы ауданаралық соты тергеу өтінішін қарап, Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімін 7 тамызға дейін ұзартты.
Еске сала кетейік, бұған дейін "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев Нұр-Сұлтан сотының шешімі бойынша екі айға қамауға алынғаны хабарланған болатын. Кейінірек оның қылмыстық тобының мүшелері 24 бейбіт тұрғынды ұрлап, күштеп ұстағаны белгілі болды. Бұл туралы Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров мәлімдеген еді.
Сонымен қатар, Бас прокуратура өкілі Дикий Арман мен оның тобының 14 мүшесі қамауда екенін айтты.
Ал 18 наурызда Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімі 7 сәуірге дейін ұзарғаны хабарланды.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі