Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Саясатта Дикий Арман секілді азаматтар керек": Дәулет Тұрлыханов Арман Жұмагелдиев жайлы ойын айтты

Қазақстанның Еңбек сіңірген спортшысы және жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыханов "Дикий Арман" лақапатымен белгілі Арман Жұмагелдиевпен кездесуі туралы айтты. Сонымен қатар Тұрлыханов саясатта Дикий Арман секілді азаматтардың керек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Дәулет ТұрлыхановДәулет Тұрлыханов Дикий Арманмен Сербияның Белград қаласындағы кездесуі туралы айтты.

"Ол кезде Белградта күрес федерациясының үлкен конгресі өткен. Мұнымен қатар бокстан әлем чемпионаты жүріп жатты. Қонақ үйдің астындағы дәмханада отырғанда Арманды көріп қалдым. Ол келіп, амандасты. Бірге суретке түстік. Кейін боксшыларға сыйақысын беріпті. Енді Дикий Арман туралы жаман ештеңе айта алмаймын. Себебі өз көзіммен көрген жоқпын, алып-қашпа әңгімеге ілеспеймін", – деді Talk Like бағдарламасына берген сұхбатында.



Еңбек сіңірген жаттықтырушы саясатта Арман секілді азаматтарға мүмкіндік беру керек дейді. 

"Саясатта Арманға ұқсаған тіпті одан асып түсетін азаматтарға мүмкіндік беру керек. Өйткені өсіп келе жатқан жастарға қарауы қажет. Егер бақылау болмаса, жастар бірігіп, түрлі топтар пайда болады. Айтайын дегенім, қазақтың жас батырлары керек. Өкінішке орай, қазір ешкімді батыр деп айта алмаймыз. Бұл – мемлекеттің кемшілігі", – дейді ол. 

Талқылау