Диетолог жаңа жылдық оливье салатын пайдалы әрі жеңіл етіп жасау әдісін ұсынды
Диетолог Вероника Гусакова жаңа жылдық салат оливьенің денсаулыққа зиянын азайту үшін қалай даярлау керек екенін айтты. Маман калориясын азайту үшін майонезді табиғи өнімдерден жасауды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі News.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Сурет pexels-тен
Гусакова салаттардың калориясы көбінесе оларға қосылатын майонезге байланысты екенін атап өтті.
“Дүкенде сатылатын майонездің 100 граммында 67 пайызға дейін май және 600-ден астам калория бар. Егер сіз үйде майонез дайындап, онымен салатты дәмдесеңіз, тағамның калориясы азаяды”, - деді диетолог.
Сонымен қатар, Гусакова салат дайындаған кезде маринадталған қиярдың орнына жаңа піскен қиярды қолдануға және шұжықтың орнына пісірілген етті қосуға кеңес берді. Маман мұндай салат сіздің сымбатыңыз бен денсаулығыңыз үшін пайдалы болады.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді