Диетолог артық салмақ қосуға көбірек ықпал ететін өнімді атады
Ирландиялық жетекші диетолог Ева Орсмонд салмақ қосуға ең көп ықпал ететін өнімді атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Маманның айтуынша, артық салмақтың күрт өсуін тудыратын бірінші зиянды өнімдер газдалған тәтті сусындар.
“Қантты сусындардың калориясы өте жоғары. Сондықтан олар артық салмақ қосуда бірінші әсерін береді”,- деді Орсмонд.
Диетолог әсіресе балалардың мұндай сусындарды көп тұтынатынын айтты. Жиі қабылдау денсаулыққа ерекше қауіп төндіреді. Сонымен қатар маман семіздік ауруының қан қысымының жоғарылауына, қант диабетінің дамуына және ауырсынудың пайда болуына тікелей байланысы бар екенін еске салды.
Егер дұрыс тамақтануды ұстанатын дене басқа көздерден артық зиянды калорияларды алмаса фастфудты аптасына бір рет жеп тұру қауіпті, зиян болмайтынын ескертті. Дегенмен, маман бұндай өнімдерді жиі тұтынбауға кеңес берді.
Асханасы мен спортзалы жоқ, от жағады: Қазақстанның кейбір өңірінде ауыл балалары адам шошырлық мектептерде оқып жүр
Тұрғынның сөзінше, мектептің қабырғалары жарылып, едені шіріп кеткен, жауын-шашынды күндері төбеден су ағады
Мектеп бітіру кешінде шампур тығып алған: Алматы облысында Әлібидің өліміне күдікті жасөспірім 10 жылға сотталды
Аталған қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды