AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дидарға өзім қатты ғашық болдым": Блогер Жансая Мұратбекова күйеуімен таныстығы жайлы айтты

Жансая Мұратбекқызы алғаш рет жолдасы Дидар екеуі сұхбат берді. Блогер қыз жолдасымен қалай танысқанын, қалай тұрмысқа шыққанын айтты, отбасылық құпияларын бөлісті. 

Бұл туралы әзілкештер “Өзіміз ғой” бағдарламасында айтты.

Жансая жолдасы Дидар екеуі отбасылық вайндары арқылы желіде белсенді. Өз оқырмандары бар. Жайдарман арқылы танылып, кейін жұп ретінде көзге түсті.

Блогер қыз отбасы, махаббат тақырыбында әңгімеледі. 

“Дидар екеуміз 5 жыл кездестік. Екеуміз бір ауылданбыз. Бір мектепте оқыдық. Мен бір жыл жоғары оқыдым. Мектепте жүргенде Дидар маған сөз салған. Бірақ бойы қысқа болғандықтан, оған қарамадым. Кейін бірге жүрдік. Ол кезде өзім ғашық болдым. Ақындық өнерім бар еді. Дидарға өлеңдер арнадым. Бесінші жылы кездестік. 8 наурызда сөз салды. Тұрмысқа шыққаныма 3 жыл болды”, – дейді ол. 

Жансая Мұратбекова өзі секілді тақырыпта вайн түсіріп жүрген қарсылас қыздар жоқ екенін айтады. Алайда жігіттермен іштей қарсыласатын көрінеді. 

“Мен секілді әзіл айтып жүрген қыздар жоқ, жігіттер бар. Олармен іштей қарсыласамын. Мен айтатын әзілдерді айтып қоймаса екен дегендей. Қазір күнделікті Stand Up түсіріп жүрміз”, – дейді.

Жансая жолдасының өзіне хат арқылы сөз айтқанын жеткізді. Қызықты оқиғаларын ашып айтты. 

“Дидар маған хат арқылы сөз айта салған. Екінші рет тамақтанып отырып сөз айтты. Пакетке 40 шоколад салып қойыпты. Арасында жүзігі бар екен. Солай көңіл білдірді. Сол жылы үйлендік”, – дейді күле. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр