Депутаттыққа ұсынылған Тамара Асар Тоқаевтан құттықтау хат алды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Тамара Асар 50 жас мерейтойына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан арнайы құттықтау хат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында жазды. Оның айтуынша, Президенттің құттықтау хатын Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов табыстаған.
“Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан туған күніме, мерейлі 50 жасқа толуыма орай арнайы құттықтау хат алдым. Маған оны Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов табыстады. Өте ерекше құрмет пен қабылдау болды. Өз атымнан және отбасымның атынан Мемлекет басшысына шынайы алғысымды білдіремін”, – деп жазды Тамара Асар.
ОқыңызСондай-ақ әнші туған күніне орай түннен бері гүлдер мен сыйлықтар қабылдап, әріптестері, достары мен жанкүйерлерінен толассыз құттықтаулар алып жатқанын айтып, барша ізгі тілектер үшін алғыс білдірді.
Еске салайық, бұған дейін әншілер Тамара Асар мен Аша Матайдың депутаттыққа ұсынылғаны хабарланған еді. Алайда желідегі жұрт өнер иелерінің депутаттыққа түскенін жылы қабылдай қоймады. Қазақстандықтар шоу-бизнес өкілдерінің депутат болуына наразылықтарын білдіріп, түрлі пікір қалдырып жатыр.
“Әншілер жетпей тұр еді”, “Қалаулымнан Құрылтайға жол. Сөзім жоқ”, “Заңды білмейді. Осы әртіс пен спортшылар депутат болып бірнәрсені қатырады ма?”, “Әркім өз мамандығы бойынша қызмет етсе жақсы болатын еді”, – деп жазған олар.
Кейінірек Тамара Асар депутаттыққа не үшін барғысы келетінін түсіндірді.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды