Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутаттар Қазақстандағы құс тұмауы эпидемиясының себебін атады

Мәжілісмендер Қазақстандағы құс тұмауы эпидемиясының себебі вакцинаның уақытылы жасалмауы деп санайды. Бұл ретте індет аса қауіптілер қатарына кіреді және жыл сайын вакцинацияға арналған препараттарды сатып алу үшін мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінеді. Депутаттардың пікірінше, құс фабрикаларының өздері қателікке жол берген, ал ветеринарлық инспекциялар тиісті бақылау жүргізбеген.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Құстардың жаппай қырылуы тек Солтүстік Қазақстағы 5 ауданнан анықталды. Онда өлген құстардың саны күннен күнге артып жатыр.

Мәжіліс депутаты Нұржан Әшімбетовтың пікірінше, құс фирмаларының иелері тек жағдай ушыққан кезде ғана екпе егу туралы ойлана бастаған. Ал ветеринарлар мұны тіпті ұмытып кеткен.

Сонымен қатар, мәжілісмен отандық вакцина өндірушілер сұранысты қамтамасыз ете алуына, сондай-ақ, препараттың бағасы импортталатын аналогтардан неліктен қымбат екеніне назар аударды. 

"Кәсіпорындар енді ғана бағасына, сапасына және қолжетімділігіне назар аударды. Мәселен, отандық вакцинаның бір дозасы - 52 теңге тұрады, ал шетелдік аналогтар - 25-30 теңге", - деді Нұржан Әшімбетов.

Талқылау