Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат неліктен депозитке 10% өтемақы төлеу бастамасына қарсы шыққанын түсіндірді

Amanat (бұрынғы Nur Otan) партиясынан мәжіліске сайланған депутат Аманжан Жамалов депозиттер бойынша 10% сыйақыны неге алып тастауды ұсынғанын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жамалов

"Депозиттерді өтеу туралы шешім азаматтар мүддесінен емес, тегін олжа болып табылатын қосымша 700-800 миллиард айналым қаражатын алатын банктер мүддесінен туындап отыр. Осы қаражатты олар бизнес пен халыққа "тонаушылық" процентпен таратады немесе 13,5%-пен Ұлттық банктің ноталарына салады", –  деп жазды бейсенбіде депутат.

Ол бұл ақшаны олар бюджеттен, салық төлеуші есебінен алатынын ерекше атап өтті. Жамаловтың сөзінше, бюджет ақшасы бірінші кезекте халықтың ақшасы. 

"Кімге әрі нені өтегіміз келетінін түсінуіміз керек. Өтелуге жататын депозиттер бойынша жоғарғы шек 20 миллион теңге. Яғни әңгіме мүлде кедей емес адамдар туралы болып отыр. Бұл ақылдысымақтар не үшін бюджет ақшасын бай адамдарды қолдауға жұмсау керек екенін түсіндірсін", – деп ашынды депутат.

Жамаловтың айтуынша, кез келген девальвацияның негізгі жағымсыз тұсы – бағаның өсуі. Ол мұның іс жүзінде кедейлерге салынатын салық екенін алға тартты.



"Егер кімде-кім мемлекеттен өтемақы алуға тиіс болса, бұл – кірісі төмен отбасылар, зейнеткерлер мен мүгедектер. Сондықтан зейнетақыларды, жәрдемақыларды, атаулы көмекті басымдықты түрде индекстеу қажет. Неліктен экономистердің түсініктемелерінде азаматтардың зейнетақы жинағын теңге бағамының құлдырау деңгейіне өтеу туралы мәселе көтерілмейді?" – деді ол.

Депутат бұл банктердің өзіне ешқандай тікелей дивиденд бермейтіндіктен деп санайды.

"Банктер халыққа жоғары процентпен асыра кредит беріп тастаған. Банктер валюта нарығындағы бағамды шайқап отыр. Олар бюджеттен субсидия алып, Ұлттық Банктің ноталарынан қосымша табыс табады. Экономикаға кредит бермейді", – деді Жамалов.

Айуынша, рубль бағамының құлдырауын пайдалана отырып, Ұлттық Банк қарбалас жағдайда девальвация жүргізгісі келетіндей әсер қалыптасады.

"Шын мәнінде, барреліне 110 долларды құрайтын мұнайдың қазіргі бағасы кезінде теңгенің экономикалық негізделген бағамы бір доллар үшін 420-440 теңге болғандағы шамада. Яғни девальвация үшін алғышарт жоқ. Әрі уақыт өте келе теңгенің бағамы өзінің экономикалық негізделген мәніне қайта оралуға тиіс", – деп жазды депутат.

Айта кетейік, 24 ақпанда теңге депозиттеріне 10% өтемақы қосылатыны белгілі болған еді. Бұл үшін депозитке қаражат сомасы 20 миллион теңгеден аспауы керек. 

Талқылау