AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда теңге депозиттеріне 10 пайыз көлемінде өтемақы қосылады - Ұлттық банк

Қаржы нарығындағы геосаяси тәуекелдер артты. Оның тұрақтылығын қамтамасыз ету және теңгелік депозиттердің тартымдылығын қолдау қажет. Сондықтан Ұлттық банк пен үкімет бюджет қаражаты есебінен жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өтемақы (сыйлықақы) есептеуді көздейтін теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасын іске асыратын болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бағдарламаға қатысуға 2022 жылғы 23 ақпан күнінің соңындағы жағдай бойынша салымдарға кепілдік беру жүйесіне қатысушы – бір немесе бірнеше екінші деңгейдегі банкте және "Отбасы банк" акционерлік қоғамында ашылған жеке тұлғалардың теңгедегі салымдары қатысады.

Бағдарлама ағымдағы және карточкалық шоттарға, сондай-ақ талап етілгенге дейінгі депозиттерге және шартты депозиттерге қолданылмайды.

10% мөлшеріндегі өтемақы (сыйлықақы) әрбір банкте 1 адамға 2022 жылғы 23 ақпан күнінің соңындағы қалдықтар шегіндегі жалпы сомада, бірақ бағдарламаны іске асыру басталған кезден бастап 12 айдан кейін 20 млн теңгеден аспайтын сомадағы (салымның нақты сомасы 20 млн теңгеден аспайтын болса, сол сомадан астам емес) көрсетілген салымдарға 1 рет есептеледі.

Өтемақыға (сыйлықақыға) жеке табыс салығы салынбайды.

Екінші деңгейдегі банктегі салым мерзімінің соңына дейін, бірақ тетік енгізілген сәттен бастап кемінде 12 ай, яғни 2023 жылғы 24 ақпанға дейін салымды сақтау - сыйлықақыны есептеу үшін міндетті талап.

Егер салым мерзімі өтемақы (сыйлықақы) төленгенге дейінгі кезеңде аяқталса, депозит Бағдарламаның аяқталу мерзіміне дейін ұзартылуы тиіс.



Салымды ішінара алу кезінде өтемақыны (сыйлықақыны) төлеу жоғарыда көрсетілген лимиттерді ескере отырып, ақша алынғаннан кейін салым қалдығының сомасына жүзеге асырылады.

Жуырда Үкімет пен Ұлттық банктің тиісті актілері қабылданады.

Бағдарламаға қатысу үшін салымшылар салым орналасқан екінші деңгейдегі банкке барып өтініш беруі қажет.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр