Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Депутат Дементьева әріптесі Тұрлыхановтың отбасылық жанжалдарына қатысты: Әр адамның бір саусағы бүгулі

Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева депутат Дәулет Тұрлыхановтың отбасы мүшелерінің отбасылық зорлық-зомбылыққа қатысты даулары туралы өз пікірін білдірді. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. 

Фото: әлеуметтік желідегі парақшасынан

Депутат Дементьева тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесі талқыланған ОКҚ алаңында өз пікірін білдірді.

"Оның отбасында не болып жатқаны туралы мен түсініктеме бермеймін. Ол менің әріптесім болғандықтан ғана емес, біздің қоғамның азаматы ретінде. Біздің барлығымыздың отбасылық мәселелеріміз бар. Әр адамның бір саусағы бүгулі. Мұнда отырғандардың әрқайсысының отбасын айтсақ, мен мінсіз отбасы жоқ деп айта аламын. Егер менің отбасыма келсек, мен тұрмыстамын. Бізде де қиындықтар бар, жұбайыммен жеке стереотиптер мен сенімдерге байланысты түсініспеушіліктер бар. Біз оларды реттеуге тырысамыз. Біз ұрыспаймыз деп айту дұрыс емес. Ұрыспайтын кем дегенде бір отбасын атаңыз. Мұндай отбасы жоқ", – деп жауап берді депутат Наталья Дементьева.

Алайда депутат қол көтеруге үзілді-кесілді қарсы екенін анық айтты.

"Қол көтеру, ұрып-соғу болса, әрине, мен бұл отбасыны сақтауға кеңес бермеймін. Өйткені екінші рет қайталанады. Ұрып-соғуға үзілді-кесілді қарсымын. Ал жанжалдарға келсек, біз үкім шығара алмаймыз, өйткені біз бәрін білмейміз. Отбасындағы қақтығыстарға қатысты жеке және егжей-тегжейлі түсіну керек. Ал әріптестерімнің сөздеріне келсек, мен оларды қолдамаймын. Мен негізі ерлердің әйелдерге қатысты радикалды сипаттағы мәлімдемелер жасауын қолдамаймын. Бұл – менің пікірім", – деп қорытындылады Дементьева.

Бұған дейін депутат Дементьева еркектерді қорғамаймын, бірақ ұрысты басу әйелдің қолында деп айтқан еді.

Талқылау