Дензел Бентли Жәнібек Әлімханұлын реваншқа шақырды
Фото: Getty Images
Британдық боксшы Дензел Бентли Жәнібек Әлімханұлын реваншқа шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дензел 2022 жылы өткен алғашқы жекпе-жекте Әлімханұлынан WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жеңілген. Сол кезде қазақстандық боксшы төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен еді.
Жеңілістен кейін Бентли бірнеше рет қазақстандық боксшыға қайта күш сынасуды ұсынды. Бұл жолы ол Жәнібектің әлеуметтік желідегі жазбасына жауап қайтарды. Әлімханұлы Карлос Адамеске үн қатқан кезде, британдық: "Бәрін ұмыта берейік. Сен қайдасың?" – деп реваншқа шақырды.
Айта кетейік, қазір Дензел Бентли орта салмақта WBO International және Еуропалық бокс кеңесінің белбеулеріне ие.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған
Бір оқушыға 150 мың теңге: 2026 жылы Қазақстанда баланы мектепке дайындау қанша болады
Мектепке дайындық: балаларға арналған киім кешектер мен жарақтардың бағасы қанша?

