Денсаулық сақтау министрлігі жұмыста жаттығу істеу туралы ережеге түсініктеме берді
Жұмыс істейтін барлық халық жаттығу істесін деген денсаулық сақтау министрлігінің шешімі жұртшылықты елең еткізді. Бұл норма министр Алексей Цойдың бұйрығында бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлі күшіне енбесе де, бұл шешім көпшіліктің наразылығына тап болды. Онда бастықтардың басшылығымен жалдамалы қызметкерлер күннің бірінші жартысында, 15 минут жаттығу жасауы туралы егжей-тегжейлі жазылған.
Жаттығулар жиынтығына созылуға және сергітуге арналған қимылдар кірген. Сондай-ақ, жұмысшылар дене бөліктерін жиі айналдыруы керек. Ыңғайлы болу үшін жұмыс беруші барлығына дене шынықтыру үшін лайықты аумақты қамтамасыз етуі керек: кем дегенде бір жарым шаршы метр.
Денсаулық сақтау министрлігі бұл шешімнің тек қана ұсыныс сипатында болғанын айтады. Физикалық жаттығуды істемеген жағдайда жауапкершілікке тартылмайды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі