Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмектің неге қымбаттағанын түсіндірді
Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев дәрілердің 770 түріне шекті баға белгіленгенін айтады. Сараптамаға сүйенсек, дәрілердің 90%-ы қымбаттамаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Денсаулық сақтау министрлігі баға өсуіне жол бермеу үшін шекті баға белгіледі. Бұл мәселе бұйрықпен реттеледі. Дәрілердің 770 түріне шекті баға белгіленген. Сараптамаға сүйенсек, 90% жағдайда дәрі-дәрмек қымбаттамаған”, – дейді Жандос Бүркітбаев
Вице-министр дәрі-дәрмектің 10%-ында ғана баға өскенін, бірақ бұл халықаралық нарықтағы жағдайға да ұқсас екенін айтты.
“Болашақта оларды жоғалтып алмау үшін біз осындай өсімге келісуіміз керек еді. Әңгіме 300-ге жуық зат шығатын мекеме жайында. Дәрілік заттардың 90%-ында қымбаттау болған жоқ. Тіпті дәрі-дәрмек 14%-ға арзандағаны да бар”, – дейді денсаулық сақтау вице-министрі.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"