Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Не себепті қазақстандықтарға вакцинациядан өткендігі жайында жалған смс-тер келеді: Денсаулық сақтау министрлігі түсіндірді

Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры Бейбіт Есенбев қазақстандықтарға вакцинациядан өткені туралы келіп жатқан смстерге түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Брифингте БАҚ өкілдері Қазақстанда вакцина алмаған адамдарға вакцина салдырғаны туралы жалған паспорттың тіркелуіне қатысты шағымдардың жиілеп кеткенін айтты. 

Мысалы, Алматы тұрғыны Қызылордаға ешқашан бармаса да, сол қалада екпенің сәтті өткені туралы SMS-хабарлама алған.

“Иә, расында да мұндай фактілер бар. Оның себебі әртүрлі болуы мүмкін. Біріншіден, науқас туралы ақпаратты енгізу кезінде медицина қызметкерінің қателесуі, тіпті кейбір жағдайларда бұл әдейі жасалады. Осындай жағдайлар қайталатын болса азаматтар Денсаулық сақтау министрлігіне хабарласа алады”, – дейді Бейбіт Есенбев.



Ол мұндай жағдайда министрліктің медициналық ұйымға қатысты тексеру жүргізетінін айтты.

“Егер осындай факті расталса, ұйымға айыппұл салынады. Тіркеу фактісі немесе жалған ақпарат расталса, онда бұл жағдайда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры экономикалық тұрғыдан ықпал жасайды, яғни бұрыс ақпарат үшін медициналық ұйымға айыппұл салынады”, – деді ол. 

Талқылау