Денсаулық сақтау министрі түсік жасатуға тыйым салу туралы сұраққа жауап берді
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда түсік жасатуға заңнамалық тыйым салу талқыланбағанын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Еліміздегі денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексте әйелдің репродуктивті құқығы қарастырылған. Яғни әйел өз баласының туылу туылмауын өзі шешеді және жоспарлайды. Сондықтан түсік жасатуға тыйым салатын нормалар жоқ және әзірге олар заңнамалық тұрғыдан қарастырылмайды", - деп түсіндірді Ажар Гиният.
Министрдің айтуынша соңғы жылдарда түсік жасату көрсеткіштерінің санының күрт өсуі байқалмаған.
“"Жүктілік туралы нақты медициналық, әлеуметтік көрсеткіштер бар. Сондықтан түсік тастауға байланысты сауалдар медициналық қызметкерлер мен перинаталды орталықтар деңгейінде комиссиямен жүргізіледі. Онда ең жақсы дәрігерлер әйел денсаулығына байланысты салдарын түсіндіреді және операцияның өзі туралы хабардар етеді", - деп толықтырды Ажар Гиният.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады