Қазақстанда QazVac вакцинациясы басталды: Денсаулық сақтау министрі алғашқылардың бірі болып салдырды
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы қазақстандық QazCOVID-in (QazVac) вакцинасын алғашқылардың бірі болып салдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін Қазақстанда азаматтарға Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының базасында жасалған QazVac вакцинасын салу басталды.
Министр алғашқылардың бірі болып вакцинаны тікелей эфирде салдырды. Трансляция денсаулық сақтау министрлігінің Facebook-тегі ресми парақшасында өтті.
- QazVac вакцинасының бағасы белгілі болды
- Қазақстандық вакцина адамды қанша уақытқа дейін қорғай алады?
Алексей Цой Нұр-Сұлтандағы №9 қалалық емханада екпе алды.
Айта кетейік, қазақстандық вакцина 21 күндік аралықпен екі рет егіледі.
Бұған дейін өңірлерге коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасының 50 мың дозасына арналған алғашқы партиясы жөнелтілді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі