Қазақстандық вакцина адамды қанша уақытқа дейін қорғай алады?
ҚР БҒМ биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья Qazvac вакцинасы қанша уақытқа дейін адамды вирустан қорғай алатыны туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясында институттың бас директоры ресейлік және отандық вакцинаның қаншалықты адамды қорғай алатыны туралы айтты. Вакциналар толық зерттеуден өтпегендіктен, нақты ақпарат беру қиын екенін жеткізді ол.
"Спутник V" вакцинасының екі жылға дейін адамды вирустан қорғайтыны әлі дәлелденбеген. Оның зерттеліп жатқанына бар жоғы бір жыл болды. Сондықтан нақты осынша уақыт деп айту қиын. Қазақстандық вакцинаның нақты қанша уақытқа дейін адамды қорғай алатыны туралы үшінші зерттеу фазасы аяқталғаннан кейін белгілі болады. Дегенмен ғалымдар өздеріне Qazvac вакцинасын салдырғаннан кейін 9 ай уақыт өтті. Осы уақыттың ішінде иммундық жауап өте жоғары болып тұр", - дейді Күнсұлу Закарья.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"