Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Вирустың таралуына байланысты": Цой омикрон штамы Қазақстанда тіркелсе, шектеу шаралары енгізіле ме деген сұраққа жауап берді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой омикрон штамының Қазақстанға келу ықтималдығы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алексей Цой

"Қазір ең басты мәселе мониторинг болып отыр. Себебі әзірге жаңа штамм толық зерттеліп біткен жоқ. Әлемде түрлі штамдар пайда болып жатқанын біліп отырсыздар. Бірінің орнын бірі алмастырып жатыр – лямбда, одан кейін Eta-штамм... Әр штамға ерекше назар аударуға мәжбүрміз. Әр пайда болған штамның қалай тарайтынын алғаш пайда болған елдегі жағдайға қарап түсінудің маңызы зор. Жақында ғана Женевада болып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директорымен кездестік. Сол кезде бұл штамды зерттейтін жұмыс тобы құрылғаны айтылды. Ең бастысы, бұл штамның соңы пандемияға ұласпағаны керек. Яғни, ел ішінде таралуын бақылауда ұстау маңызды", –  деді министр БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, қазір бүкіл әлем қауымдастығының міндеті – штамның қаншалықты жұқпалы екенін, оның қалай әрекет ететінін, оның клиникалық көріністерін және адамдар үшін қаншалықты қауіпті екенін бақылау.

"Әзірге сенімді деректер жоқ. Тек жекелеген деректер бар. Эпидемиологиялық мониторинг жүйесі жұмыс істеп жатыр. Біз ай сайын шетелден келген, әсіресе, талдау қорытындысы сырқат бар екенін көрсеткен азаматтардан сынамалар алып отырмыз. Тиісінше, халықаралық мәліметтер базасы арқылы бұл сынамалардың вирус штамының қайсысына жататыны тексеріледі. Сондықтан жақын арада біз нақты қорытынды аламыз, соның негізінде бәрі түсінікті болады. Вирустың бұл штамы Қазақстанға келген күннің өзінде оның табиғатын, таралу тәсілін түсіну маңызды", - деді Алексей Цой.

Ол сондай-ақ “Қазақстанда омикрон-штамм пайда болған жағдайда жаңа шектеулер енгізіледі ме” деген сұраққа жауап берді.

"Бұл вирустың вируленттілігіне байланысты. Егер вирус қатты таралатын болса, көптеген жағдайлар болады. Әрине, осыдан кейін қосымша шектеулер енгізіледі. Емдеу негізінен басқа штаммдармен бірдей. Анықталған елдерде ол басқа штамдар сияқты емделуде. Сондықтан бізде жүйе дайын", - деп түйіндеді ол.

Талқылау