AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денис Теннің махаббат жайлы әндері кімге арналған?

Жақында Денис Теннің досы, танымал актер Санжар Мадиев  “Тен атты жұлдыз” деген деректі фильмде Денистің әрдайым жігіті бар қыздарға ғашық болғандығын, сондықтан ол спортшыға “мачо” деп ат қойғанын айтып берген еді. Ал Gakku aрнасы спортшының She won’t be mine әнін көпшіліктің назарына ұсынғаннан кейін, халық Денистің осы әнді кімге арнағанын білгісі келді. Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі спортшының жақын досымен байланысып, өлеңдерінде қандай ой жатқанын анықтап, сол бақытты жанның кім екенін білуге тырысты.

Денис Теннің спорттық шеберлігіне тәнті болған жан, оның ән жазып, ән салатынын білгенде “жер бетінде осындай дарынды адам болады екен-ау” деп тамсанатын. Жоспары көп, креативті спортшы қайғылы оқиға орын алмағанда отандық сахнадан әсем дауысты әнші ретінде өз орнын табар ма еді? Нақтысын білмейміз. Бірақ   Денистің She won’t be mine әнін тыңдаған соң, оның дарынды музыкант екенін бәріміз түсіндік.

She won’t be mine әнін естіген соң, халық оның кімге арналғанын білуге асықты. Расында, “Ол ару менің барлық шығармашылығым соған ғана арналатынын білмейді” деп басталатын өлең жолдарынан белгісіз жанға деген қызығушылығың еріксіз артады. Денистің жақын досы, Швейцарияда өз кәсібін жүргізетін Айгелия Мурзабекова ән жайында өз пікірімен бөлісті:

“Денистің өзі айтқандай, ол сұлулықты сүйетін. Әдемі дүниеге ғашық болатын. Бірақ белгісіз уақыттан кейін суып кететін. Егер адамды ұнатса, сезімі мәңгілікке ұласатын. Барлық адамдардан, барлығының Жан дүниесіне үңілетін. Денистің пікірінше, She won’t be mine өлеңі мүлдем жауапсыз махаббат туралы емес. Керісінше, мүмкін емес сезімдер жайында. Егер ойланып қарасаңыз, “жауапсыз” бен “мүмкін емес ” деген екі түсініктің айырмашылығы бар”,— дейді ол.

“Бұл өлеңді Денис бірнеше жылдар бойы жазды деп ойлаймын. 2015 жылдың өзінде ол төрт құрлықтың чемпионатында өнер көрсету үшін бір әнге хореография дайындаған еді. Сол кезде хореографияның мүмкін емес махаббат жайлы жазылған әнге арналатынын айтқан”, — дейді Айгелия Мурзабекова.


Шындығын айту керек, қазіргі күні  “құлақтан кіріп, бойды алатын” әндердің саны азайып кеткен. Қазіргі кейбір қазақ өлеңдерінің сапасы төмен екенін мойындаймыз. Ал Денис Теннің туындылары керісінше, өлеңмен өрілген ойлары арқылы тыңдарманының жүрегіне жол тапқан. Тіпті ел сүйіктісінің  үйлесімді ұйқастары  олардың көңіліне майдай жағады.

Бір өлеңінен-ақ ол:

“Сен ешқашан мендік болмайсың

Сен тым кішкентайсың

Сен тым ақылдысың

Менде жоқ нәрсенің  бәрі сен де бар”, — деп белгісіз аруды өзінен биік қою арқылы қарапайымдылығын, сезімге беріктігін көрсетіп тұр.

Денис Cloud in the sky өлеңінде ғашығын періштеге, ал өзін оған ешқашан қолы жетпейтін аспанда жүзіп жүрген бұлтқа теңеген. Ол “Біз әзірге бұл өмірде бірге бола алмаймыз” деген өлең жолдары арқылы спортшы өз өмірінің қамшының  сабындай қысқа екенін сезгендей:

“Мүмкін сен дәл мен сияқты біреуді іздеп жүрген шығарсың,

Саған қамқорлық танытып, сені жақсы көретін мендей біреуді іздейтін шығарсың,” — дейді ол.

Сүйіктісін асыл жанға балаған ол, келесі өлеңінде арудың тұнық қоңыр көздеріне ғашық екенін жазған. Инстаграмдағы парақшасында Денис Тен “Brown Eyes” әнін қоңыр көзді қыздарға арнайтынын жазды. “Cебебі, бүгін кешке мен сенің көздеріңе батып кететін сияқтымын” дейді бейтаныс қызға ғашық болған елдің сүйікті ұлы.

Еске сала кетейік, күні кеше Денис Теннің бұған дейін жарияланбаған сұхбаты пайда болған еді.

 

Автор: Шаймерден Айару

 

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр