Денис Тенді кімнің пышақтағаны анықталды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге көлік ұрлаушылардың шабуыл жасап, пышақтап кеткені белгілі болды. Бұл туралы Алматы қаласының ішкі істер департаментінен хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға бүгін, 19 шілдеде, Құрманғазы мен Байсейітов көшелерінің қиылысында шамамен түскі сағат 15:00-де болды.
“Денис Тенге көлігінің айнасын ұрламақ болған белгісіз тұлғалар шабуыл жасаған. Оларды қылмыс үстінде көріп қалған спортшы мен бұзақылардың арасында туған қақтығыстың нәтижесінде Денис Тен пышақ жарақатын алды. Бұл іс бойынша тергеу басталды. Күдікті адамдарды анықтау және ұстау бойынша шаралар қабылданды”, – деп хабарлады Алматы ІІД баспасөз қызметі.
Қазір дәрігерлер қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өмірі үшін бар күштерін салып, күресуде.
Айта кетейік, бүгін түскі сағат 15:00 шамасында Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді белгісіз біреулер пышақтап кетті.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.