Денесінің 60%-ын күйік шалған: Өзін жарып жіберген 95 жастағы петропавлдық қарттың жағдайы белгілі болды
Петропавлда өзін газ баллонымен жарып жіберген зейнеткердің жағдайы белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Петропавлда 95 жастағы қарт әйелімен жанжалдасып, үйді жарып жіберген. Бүгін оның денесін 60%-ын күйік шалып, жағдайы өте ауыр екені белгілі болды.
“Екінші дәрежелі күйік алған. Беті мен мойны, жамбасы мен саны, шап аймағы, қолы мен жауырыны, білегі күйген. Жағдайы өте ауыр деп бағаланды. Оның үстіне науқастың жасы да үлкен”, – деді Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнәр Сайлау.
Облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Еске салсақ, Петропавлда 95 жастағы зейнеткер әйелімен жанжалдасқан соң өзін жарып жібергені айтылды.
2026 жылдан бастап доллар бағасы мен инфляция қалай өзгереді – Экономистер болжам жасады
Салық пен айыппұл өсіп, қымбатшылық басталады: 2026 жылдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
70 жастағы зейнеткердің зейнетақысы 2025 жылы 171 588 теңге болса, 2026 жылдан бастап ол 192 816 теңгеге дейін көтеріледі