Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Демалыс күндеріне арналған ауа-райы

Қазақстанның  барлық аймағын дерлік демалыс күндері жаңбыр мен екпінді жел күтіп тұр.

жаңбыр

Синоптиктер 22-24 сәуір күндері елімізде жауын-шашын болып, ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болады деп болжауда.  Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Республиканың көптеген облыстарында демалыс күндері жаңбыр жауып, солтүстік өңірлерде ылғалды қар, кей жерлерде найзағай түсіп, жылдамдығы 15-25 м/с  жел тұруы ықтимал.

Синоптиктердің дерегі бойынша, мұндай ауа райы Қара теңізден республиканың  аумағына бірінен кейін бірі келетін циклонға байланысты болып отыр. Сондықтан, ауа температурасы жауын-шашынға қарамастан, бұрынғыша жоғары болып қалады.

Астанада 21 сәуір күні күн жартылай бұлтты, күндіз жауын-шашын болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с-қа жетеді. Түнде температура +8+10°С, күндіз +20+22°С. 22 сәуір күні күн жартылай бұлтты болып, түнде жаңбыр жауады.

Оңтүстік-шығыс желі солтүстік-батысқа қарай ауысып, жылдамдығы 9-14 м/с-ті құрайды. Түнде температура +6+8°С,  күндіз +13+15°С жылы болады. 23 сәуір күні күн жартылай бұлтты, күндіз жаңбыр түсуі ықтимал.

Оңтүстік-шығыс желі оңтүстік-батысқа ауысып, оның екпіні 9-14, күндіз 18 м/с-қа жетеді. Түнде ауа температурасы +3+5°С, күндіз +16+18°С жылы болады деп күтілуде.

Оқи отырыңыз:

Назарбаев мемлекет есебінен пәтер алуға қатысты: Енді тегін ештеңе жоқ

ОҚО мен Ақтөбе өңірлерінде антитеррорлық операция жүргізіліп, 4 радикалды топ ұсталды

Елімізде дәрігерлер науқас ұшқыштарға “дені сау” деп анықтама беріп ұшуға жіберген

Қазақстанда АИ-92 бензині арзандады

Танымал журналист Баян Есентаеваға: Арлы ұлтымды азғырма

 

 

 

 

Талқылау