ДДСҰ тұмауға қарсы вакцинацияның коронавируспен күресте жәрдемі тиетіні туралы айтты
Тұмауға қарсы вакцина адамдарды COVID-19-дан құтқармайды, бірақ пандемиямен күресте жәрдемі тиеді. Бұл туралы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) тұмауға қарсы дайындық және күрес бөлімінің басшысы Анн Моэн айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Тұмауға қарсы вакцина COVID-19-ға ем деп айтпаймыз, бірақ ол денсаулық сақтау жүйесіне демеу болар деп үміттенеміз", - дейді Анн Моэн.
Моэн күзде аурудың дәстүрлі өсу маусымы болғанына қарамастан, бірқатар елдерде вакциналар жетіспейді деп қосты. Оның пікірінше, дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі, әдетте, эпидемиядан тоғыз ай бұрын тапсырыс берілуімен байланысты. Алайда, билік коронавирустың өршуі болатыны елемей, вакцинаға жеткіліксіз тапсырыс берген болуы керек.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі