Билл Гейтс пандемияның қашан аяқталатынын айтты
Microsoft корпорациясының негізін қалаушы, мульти-миллиардер және филантроп Билл Гейтс COVID-19 пандемиясының қашан аяқталатыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Пандемияның ең жақсы жағдайда 2022 жылы аяқталуы ықтимал. Бірақ 2021 жыл бойына біз проблеманы жаһандық деңгейде шешетін болсақ (инциденттік) сандарды төмендетуіміз керек", - деді Гейтс.
Гейтс COVID-19-бен күресу үшін 650 миллион доллар бөлді, осылайша осы мақсатта қаржы жұмсаған әлемдегі ең ірі меценатқа айналды.
Дегенмен, іс нәтижесінде Гейтске адамдарға коронавирусқа қарсы вакцина түрінде микрочиптер орналастыруды көздеді деген айып тағылды. Гейтстің өзі және оның жұмысымен таныс ғалымдар мұны жоққа шығарады.
Шетелде үйсіздерге ай сайын 850 мың теңгеге дейін төленеді: Қазақстанда баспанасыздарға қандай көмек бар
Шетелде 400 мың теңге жәрдемақы, баспана мен қарызын өтеуге көмек беріледі
"Бет-аузы қан-жоса": Алматылық әйел пансионат қызметкерлерін әкесін ұрып-соқты деп айыптады
Пансионат болса, ол өзі құлап қалған деп отыр