ДДСҰ COVID-19-ға қарсы вакцинаны неліктен үшеуден артық салуға болмайынын түсіндірді
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Иммунизация бойынша сарапшылардың стратегиялық консультативтік тобының төрағасы Алехандро Кравиото COVID-19-ға қарсы вакцинаның төртінші дозасын тек қауіп-қатер тобына кіретін адамдарға ғана тағайындалуы керек екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сурет: iStock
"Біз екінші бустерлік дозаны (төртінші доза) салуға кеңес бермейміз. Бұған қауіп-қатер жоғары адамдар арасында өлім деңгейін азайту және пандемиямен күрес үшін ғана кеңес беріледі. Бірақ жол картасында көрсетілгендей бірінші бустерлік вакцинадан кейін екінші рет салу тұрғындардың барлығына ұсынылмайды. Екінші бустерлік вакцина қауіп-қатер деңгейі жоғары адамдар үшін ғана тағайындалуы тиіс. Біз бірінші бустерден кейін 4-6 айдан соң ғана екінші бустерді салуды ұсынғанбыз", – деді ол баспасөз отырысында.
Ол қауіп-қатер деңгейі жоғары адамдар тобына егде жастағы азаматтар және өзге де дерті бар адамдардың кіретінін айтты.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”