Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота-Нұр ажырасқандарын мәлімдеді

Әнші, актриса Ақбота-Нұр Сейтмағамбет пен актер Дәурен Айдарқұлов ресми түрде ажырасты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

дәурен айдарқұлов ақбота сейітмағанбет

"Дәуренмен ара-қатынасымыз заңды түрде тоқтады. Ендігі жерде ешкімді кінәлап, біреуді даттаудың керегі жоқ шығар. Саналы түрде осындай шешімге келдім. Бір басыма жетерлік өмір сынақтарынан өтіп жатырмын, алда не күтіп тұрғаны да беймәлім. Айтарым, мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым, қалғаны тағдырдың жазғаны", - деп жазды Instagram-дағы парақшасында Ақбота-Нұр Сейтмағамбет.



Бұл жаңалыққа қатысты Дәурен Айдарқұлов та түсініктеме берді.

"Төрт жыл бұрын "Гламур для дур" фильмінің кастингінде Ақботамен танысу менің өмірімнің түпкілікті өзгеруіне себеп болды. Міне, 4 жылдан кейін біздің қарым-қатынасымыз, өкінішке қарай, тоқтады. Біз ажырасамыз. Ажырасу себебін жария етпейміз. Біз барлық күшімізбен некені сақтап қалуға тырыстық", - деп жазды Instagram-да актер.

Айдарқұлов Ақбота-Нұрмен жақсы қарым-қатынаста қалғанын, бір-бірін құрметтейтінін атап өтті. Сондай-ақ, оған балалы үшін рақметін айтты.

Еске салсақ, Ақбота үшін Дәурен бірінші әйелімен ажырасқан. Бірінші некеден оның 3 баласы бар, ал Ақботамен отбасында бір ұл мен бір қыз дүниеге келді.

 

Талқылау