Дәурен Айдарқұлов бірінші отбасына қайта оралды ма?

Әзілкеш, актер Дәурен Айдарқұлов бірінші некесінен туған балаларымен қандай қатынаста? Көп балалы әке екінші отбасымен Алматыда тұрады. Ал, соңғы кездері бірінші некесіндегі балаларына көп уақыт бөліп жүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дәурен Айдарқұлов ғашығы Ақботамен кино түсірілімі барысында танысқан. "Гламур для дур" фильмінде ғашықтар рөлін сомдаған Дәурен мен Ақбота өмірде де бірін-бірі сүйіп қосылды. Ол кезде отбасылы болғанына қарамастан Айдарқұлов екінші рет үйленді. Екінші жары Ақботамен Алматыға қоныс аударса, бірінші отбасы бас қалаға көшті. 

Алайда актер бірінші некесінен туған балаларымен ара қатынасын үзген емес. Уақыт тауып, балаларына көңіл бөлетінін айтады. 

"Айына бір рет балаларыма барып тұрамыз. Уақыт болғанда астанаға барып келемін. Қазір видеобайланыс деген бар. Ұялы телефон арқылы күнделікті сөйлесіп, ақылымды айтып, тәрбиемді беруге тырысамын", - деді ол.

Ал, бұл жолы актердің балалары демалысқа шыға сала әкесіне өздері қыдырып келді. Шымкенттегі тарихи орындарда аралап, уақыттарын көңілді өткізді. 

Айдарқұловтың бірінші отбасынан үш перзенті бар. Тұңғышы - Аяжан. Үлкен ұлы Абдурахим. Ақбота екеуінің ортақ некесінде бір ұлы, бір қызы бар.


Шатағыңыз болмасын: Дәурен Айдарқұлов бірінші әйелі жайлы айтқан оқырманының аузын жауып тастады


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр