Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәурен Айдарқұлов: Намаз оқитын, оранған қыз кездессе екен деп Алладан тілеп жүрмін

Дәурен Айдарқұлов үшінші рет үйленуге ниетті. Екі рет ажырасқан актер енді Алла жолында жүрген иманды қыз кездессе екен деп тілейді. Ақботаға деген сезімі өшпесе де, онымен қайта қосылу мүмкін емес деп есептейді. 

Бұл туралы "Талк лайк" бағдарламасындай айтылды. 

Дәурен Айдарқұлов үшінші рет үйленуге дайын. Дәл қазір өзіне тұрмысқа шығуға ниетті қыздардың көптігін мойындады. Ақботамен қайта қосылу мүмкіндігі жайлы еш ақпарат айта алмады. 

"Мен Ақботамен барынша ажыраспауды қаладым. Бірнеше рет қадам жасадым. Бірақ Ақбота қаламады. Менде Ақботамен бәрі жақсы болды. Мен ол кезде бәрін ұмытып кеттім. КВН-ді де, басқаны да. Ән айтып, әннің мәтінін түсініп, сондай ғашықтық күйді бастан кештім. Ақботаға деген сезім, қатынас толығымен өшті деп айта алмаймын. Бірақ егер хадиске келсек, Алла ер адамдарға әйелді төрт қасиетіне қарап алыңдар дейді. Сұлулығына, байлығына, тегіне, имандылығына. Ең бастысы имандылығының болуын міндеттейді. Ақботада мұның бәрі болды. Бірақ біреуі көбірек, біреуі азырақ еді. Сондықтан мен қазір иманды қыз іздеп жүрмін. Алла жолында жүрген, намаз оқитын, оранған қыз алсам деймін. Алладан осылай дұға етіп жүрмін", - дейді әзілкеш. 



Бұл әзілкештің әзілі емес. Егер қалауындағы қыз кездессе, үшінші рет үйленуге қарсы емес. Бұрынғы екі әйелінің де тұрмысқа шығуына қарсы емес.

"Баянның да, Ақботаның да тұрмыс құруына қарсы емеспін. Балаларым өгей әкемен тұрады деп уайымдамаймын. Себебі екеуі де жақсы қыздар. Білімді, көзі ашық. Адам тани алады. Мен сияқты емес. Мен адамдарды тани алмаймын. Біреуге сенсем, соған шын жүрегіммен берілемін. Ақботаның біреумен тұратыны үшін ішім қанжылайды. Басқа үшін өкінбеймін. Мен жалпы тағдырымның бұлай болғанын қаламаған едім. Мен бірінші әйеліммен де ажырасқым келмеген, Ақботамен де ажырасқым келмеген. Бірақ осылай болды. Қалай болса да еш өкінбеймін. Ақботаға Алла разы болсын. Маған, менің отбасыма көмегі көп тиді", - деді Айдарқұлов.

 

Талқылау