Дәулет Тұрлыханов ұлының төбелесінен кейін депутаттық кандидатурасынан бас тартқысы келгенін айтты
Астанадан Мәжіліске жаңадан сайланған депутат Дәулет Тұрлыханов ұлының төбелесінен шыққан шудан кейін өзінің депутаттыққа кандидатурасын алып тастау туралы ойы болғанын жасырмады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Ол ұлы Болаттың да басқалар сияқты заң алдында жауап беретінін атап өтті. Айтуынша бұл жерде ешқандай мәртебе сот процесіне әсер етпей әділ болады.
Дәулет Тұрлыханов зардап шеккендермен кездесіп, кешірім сұрағанын да қоса кетті.
"Оқиғадан соң ата-ана ретінде олармен кездесіп кешірім сұрадым, емделуге көмектесуді ұсындым, бірақ олар бас тартты", - деді ол.
Дәулет Тұрлыханов осы оқиғадан кейін ол Мәжіліс сайлауынан өз кандидатурасын алып тастағысы келгенін айтты. Алайда мұндай шешімге отбасы, достары мен туыстары қарсы болып, райынан қайтарған.
Еске салсақ, бұған дейін танымал қазақстандық спортшы Дәулет Тұрлыхановтың ұлының үстінен адвокаттардың шағымы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған болатынбыз.
"18 жыл бойы несиесін өзім төледім": Ақтөбеде 72 жастағы зейнеткер жалғыз ұлымен үйді бөлісе алмай жүр
Несие біткен кезде ұлы үйді әйелінің атына аударып алған
Түркістандық кәсіпкер жоғары лауазымды полиция қызметкерлерін өз компаниясына тиесілі жүк көлігін ұрлады деп айыптады
Жәбірленушінің сөзінше, екі жол полицейі жүкті айыппұл тұрағына өздері қойған