Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дастан Оразбеков отбасымен бірге ауруханаға түсіп қалды

Ауру айтып келмейді! Иә, бүгінде әріптестері шетел асып, демалып жүргенде Дастан Оразбеков отбасымен бірге ауруханада жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Дастан жары Жанатпен және үлкен ұлы Алдиярмен бірге түскен суретін жариялап, отбасымен бірге ауруханада жатқанын хабарлады.

“Басты байлық денсаулық демекші, жанұямызбен ауруханада жатқанымызға бір апта болды. Жұрттар апталап шетелге демалысқа барса, біз алысқа бармай ауруханада демалып жүрміз. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей, ауруымызды тек дәрімен емес әзілмен де емдеп жүрміз. Соңғы рет көзімнің іскеніне ауылдағы ара кінәлі болған, бүгінде бәрімізді конъюнктивит ара шағып алды. Дендеріңіз сау болсын! Ауырмаңыздар”, – деп бөлісті ол.

Желі оқырмандары әншінің “ара шағып алды” дегенін қалжыңға балады. Суреттің күлкілі шыққанын айтқан оқырмандар Оразбековтердің тездетіп ауруханадан шығуын тіледі.

Жіберіп алмаңыз:

Әнші Гүлбаршын Тергеубекова жазушы Дидар Амантаймен ажырасып кетуінің себебін ашып айтты

Әуелбекова емізулі баласын гастрөлдік сапарға алып шығуының себебін түсіндірді

Әнші Бауыржан Исаевтың концертіне 9 адам ғана келді

Бойдақпын мен: Әлішер Кәрімов үйленемін деп уәделескен қалыңдығымен айырылысып кетті

Талқылау