Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дастан Қалдыбаев: Миллион берсе де тойға шықпаймын, ол арзан ақша

Дастан Қалдыбаев тойға шығудан бас тартты. Танымал әзілкеш той басқарудың жеңіл ақша көзі екенін айтып, өз әрекетін түсіндірді. 

Бұл туралы әзілкеш “Менің өмірім” бағдарламасында айтты. 

Танымал әзілкеш Дастан Қалдыбаев тойға не себепті шықпайтынын түсіндірді. Әзілкеш арзан ақша қумай, шығармашылыққа баса көңіл бөлетінін айтады. Ал миллион берсе де, той басқарудан бас тартқан.

“Мен тойға шықпайтын болдым. Өзіме солай уәде бердім. Себебі, той арзан ақша табудың көзі. Яғни, оңай ақша табу. Бір тойға дайындалып бір миллион теңге алуым мүмкін. Келесі тойда тура сол сценариймен бір миллион аламын. Солай мен жеңіл ақшаға үйреніп аламын. Ал шығармашылығым қала береді. Қиын жұмыстан қашатын боламын. Киноларым қалады. Бәрі қалады. Ал біраз уақыт өткенде мені ешкім танымайтын жағдай келемін. Яғни, керексіз болып қаламын. Сондықтан бұл өз ойым. Осындай шешім қабылдадым”, –деді Дастан. 

Әзілкеш бұның өз шешімі екенін, өзге өнер өкілдері үшін жауап бермейтінін айтады. 

“Той басқарып жүрген өнер өкілдері көп. Әнші де, әртіс те бар. Олар өздері біледі. Мен өзім үшін осындай шешімге келдім. Олар тойдан бөлек шығармашылыққа уақыт бөле алатын шығар. Мен олай ете алмаймын”, – деді актер. 

Актер үш баланың әкесі. Бірінші ұлына есімді аян арқылы қойғанын айтады. 

“Ұлымның есімін әкем қойды. Нұрстан деп қойды. Бұл есімді аян арқылы алған. Әпкемнің есімін аян алған соң Гүлстан деп қойған, немересінің есімін Нұрстан деп қойды. Мен қарсы болған жоқпын. Оған қахым да жоқ”, – деді ол. 


Талқылау