Дәрігер шайды көп ішу тіске зиянды екенін мәлімдеді
Диетолог Василиса Пономарева шай ішудің тіске қауіпті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Маман "МедикФорум" газетіне берген сұхбатында сусынды көп ішкен жағдайда тістерде дақтар пайда болып, соның салдарынан болашақта жарықтар немесе кариес мазалауы мүмкін екенін айтты.
“Шай кофеге қарағанда тістерді көбірек сарғайтады деу таң қалдыруы мүмкін, алайда оның құрамында танин деп аталатын ингредиент бар. Таннин аузыңыздағы бактериялардан арылуға және қуыстармен күресуге көмектессе де, эмальде тастар жиналып, тістеріңізге дақ түсуі мүмкін. Шай неғұрлым күшті және қоюырақ болса, түссіздену мүмкіндігі соғұрлым жоғары болатыны айтпаса да түсінікті”, – дейді диетолог.
Дәрігер тістерді уақтылы емдеуге және сусынға қант емес, тәтті дәм беруші қоспаларды қолдануға кеңес берді.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған