Дәрігерлер жүкті әйелді науқаспен шатастырып ота жасап баласынан айырды
Праганың Чехия қаласында "Буловка" университеттік ауруханасының дәрігерлері жүкті науқасқа қателесіп ота жасап, оның баласына аборт жасаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CNN prima NEWS порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Медициналық мекеме қызметкерлері екі азиялық әйелді шатастырып алған. Олардың бірі, жүкті науқас ауруханаға жоспарлы тексеруден өту үшін келген. Ал екіншісі жатыр ауруын емдеуде жасалатын отаны жасатуды көздеген. Бұл ота жүктілікті тоқтату мақсатында да жасалып жүрген.
Белгісіз себептермен дәрігерлер жүкті әйелді науқаспен шатастырып, оған операция жасаған. Осылайша әйел сау баласынан айырылды. Болған жағдайға қатысы аурухананың барлық қызметкерлері уақытша жұмыстан босатылды.
Чехияның денсаулық сақтау министрлігі қателікке жол берген барлық дәрігерлерді жауапқа тартуға шақырды. Егер олардың немқұрайлылығы дәлелденсе, аурухана зардап шеккен науқасқа өтемақы төлейді. Қазір іс бойынша тергеу жүргізілуде.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"