Дәрігерлер шошқаның жүрегі мен бүйрегін адамға салмақ
Ұлыбританиялық хирург-трансплантолог Теренс Инглиш алдағы үш жылда шошқалардың жүрегін адамдарға салатынын айтады. Сондай-ақ, ол 2019 жылы алғаш рет шошқаның бүйрегі адамға салынбақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Инглиштың айтуынша, жануардың бүйрегі адамға сәтті салынса, жуық арада жүректі алмастырып салатын болады. Бұл өз кезегінде донор органдарына деген сұранысты қанағаттандырады.
Ұлыбританияда 300 адам өзінің жүрегін ауыстырып беруді күтіп отыр. Сол себепті зерттеушілер бұл мәселені шешудің жолын қарқынды түрде іздестіріп жатыр. Сондай-ақ, шошқа жүрегінің көлемі адамдікімен бірдей екені белгілі.
Адам ағзаларын салыстырып салатын ксенотрансплантация саласы гендік инженирияның дамуының арқасында ілгерілей түсті. Алайда көптеген маман мұның адам баласына кері әсері болуы мүмкін екенін айтады.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады