Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәрігерлер ер адамның асқазанынан жұтып қойған телефонды алып тастады

Дәрігерлер телефон жұтып қойған ер адамның асқазанынан гаджетті шығарып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Metro басылымына сілтеме жасап. 

Болжам бойынша, ер адам гаджетті әдейі жұтып қойған. Ол телефонды нақты қалай жұтып қойғанын айтпады. 

Косоволық ер адам Nokia 3310 телефонын жұтып үлгерді, Приштиналық дәрігерлер оны шығаруға көмектесті.

33 жастағы ер адам асқазанында телефон тіреліп қалғанын айтып дәрігерге жүгінген. Ұялы телефон өте үлкен болған. Оған қоса, ер адамның денесіне батарея қышқылы жайылып кету қаупі болған. 

Дәрігерлер телефонды эндоскопияның көмегімен үш бөлікке бөліп шығарып алды. Медициналық топтың жетекшісі Скендер Теляку рәсімнен кейін ешқандай асқынулар болмағанын атап өтті.

Талқылау