Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дәрігерлер бала өлі туды деп сендірді": Атырау перзентханасында босанған әйел сұхбат берді

Атырауда перзентхана қызметкерлері өлтірді деп күдіктелген нәрестенің анасы болған жайтты өзі баяндап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

24 жастағы Нұржамалдың айтуынша, босанған соң дәрігерлер нәрестенің өлі туылғанына сендірген.

Оның айтуынша, босану кезінде өзі есінен танып қалады. Жас әйел босанғаннан кейін баланың дауысын естімегенін айтты. Нұржамал сұхбат барысында қиналып әрең жауап берді.

«Бұл біздің тұңғышымыз еді, біз осы жылдың сәуір айында үйлендік. Туылғаннан кейін дәрігерлер сәбидің қайтыс болғанын айтты. Иә, менің күйеуім тиісті органдарға шағым жазды. Одан артық ешнәрсе айтқым келмейді», - деді келіншек.

Еске сала кетсек, Атырау облысында перзентхана басшысы мен акушер-гинекологы жаңа туған нәрестенің өліміне қатысты күдіктеліп отыр. Олар нәрестені тоңазытқышқа салып қойып, өлтірген деп айыпталуда. Атырау облысында тоңазытқышта өлген сәби үшін перзентхана басшысы қамауға алынды. Аталған қылмыс басшының телефонын тыңдау барысында анықталды

Талқылау