Дәрігер ұзақ өмір сүруге арналған өнімді атады
Ресейлік Қартаюға қарсы медицина қоғамының президенті, геронтолог Светлана Трофимова тофуды ұзақ өмір сүруге көмектесетін өнім деп атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Smotrim басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: danettemay.com
Трофимованың сөзінше, “тофу” — “көгілдір аймақта” тұратын жүз жасаған адамдар арасында өте танымал өнім. Геронтолог “көгілдір аймақ” 100 жастан асқан адамдар тұратын жерлерді білдіретінін айтты.
Дәрігердің айтуынша, тофу жеу қатерлі ісік қаупін азайтады, сонымен қатар әйелдерде менопаузаның басталуын бәсеңдетеді.
Айта кетейік, бұған дейін Зерттеуші және "100-ге дейін өмір сүр" телехикаясының авторы Дэн Бюттнер бау-бақша және көгалдандырумен айналысу өмірді ұзартатынын айтқанын жазған едік.
Талқылау

Қазақстандық көпбалалы ана "Асар Уме" қайырымдылық қорын апатты үй берді деп айыптады
Екінші топ оқырмандар көпбалалы ананың қанағатсыздығын сынады

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
Бүгінде күллі қазақ жұрты оларды желіде бақылап, біразы алдынан күтіп, қонақ етіп жатыр