Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамандар ұзақ өмір сүру үшін 40 жастан кейін қандай әдет қалыптастыру керек екенін айтты

Диетолог Мэри Сабат ұзақ өмір сүру үшін 40 жастан кейін қандай әдет қалыптастыру керек екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі She Finds басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: mavink.com

Ол осы жаста салмақ тастаудың ең маңызды факторы ретінде таңертеңгі тұрақты жаттығуды атады. Ол кардио (жаяу жүру, жүгіру немесе велосипедпен жүру) және күш жаттығуларын жасауды ұсынды. Маман 40 жастан асқан адамдар үшін бұлшық ет массасын жаттығулар арқылы арттыру маңызды екенін айтты. 

"40 жастан кейін, тамақтану әдетін қалыптастыру керек. Таңғы ас құрамында майсыз ақуыздар, тұтас дән, жемістер мен көкөністер болуы маңызды. Белокқа бай тағамдар қорыту үшін көбірек энергияны қажет етеді. Ал тұтас тағамдар қандағы қант деңгейін қалыпты ұстайды. Метаболизмнің баяулауына жол бермейді", – деді Сабат.

Диетолог психикалық денсаулықты маңызды орынға қою керектігін, себебі ол созылмалы стресс гормоналды теңгерімсіздікке әкелетінін жеткізді. Бұл метаболизмге теріс әсер етіп, салмақтың көбеюіне ықпал етеді. Ол медитация, терең тыныс алу, йога немесе күннің кез келген уақытында жасайтын сүйікті хобби арқылы стрессті басқаруды ұсынды. 

Талқылау