Дәрігер күніне қанша рет кофе ішуге болатынын айтты
Денсаулыққа зиян келмеу үшін күніне екі шынаяқ кофеден артық ішуге болмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіт RT басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы гастроэнтеролог дәрігер Нурия Дианова айтып берді.
Маман кофені күнделікті қолданған жағдайда тәуелділіктің пайда болуы мүмкін екенін айтты. Бұл уақыт өте келе жүйке жүйесінің нашарлауына алып келеді. Дәрігер кофені тек қана тамақпен бірге ішуге болатынын айтты.
"Көп адамдар таңғы асқа кофе ішуді әдетке айналдырған. Кофенің өзін ғана ішсеңіз бұл ағзаңызға кері әсер етуі мүмкін. Алайда, кофені басқа да тағамдармен ішетін болсаңыз, азқазанға айтарлықтай зиян келтірмейді", - дейді Дианова.
Асқазандағы қыжылды болдырмау үшін кофенің екінші шынаяғын түстен кейінгі уақытқа қалдырған абзал. Мұндай мүмкіндік болмаса, кофені ұйқыдан алты сағат бұрын ішу керек.
"Ішімді екі қолымен қатты басты": Қазақстандық әйел босану кезінде дәрігерлерді салғырттық танытты деп айыптады
Нәресте 21 күн реанимацияда жатып, бірнеше рет наркоз алған
"Қайда жұмыс істейсіз, қанша жалақы аласыз": Қазақстандық ата-аналар мектептердің жеке мәліметтерді сұрауына наразы
Мектептер өткізетін сауалнамалар легі ата-аналар тарапынан түрлі сауал туғызып жатқан көрінеді