Дәрігер қырылып қалған ыдыста тамақ істеудің қандай қаупі бар екенін айтты
Қырылып қалған табада тамақ пісіру денсаулыққа қауіп төндіріп, тіпті қатерлі ісікке әкелуі мүмкін. Мұны америкалық терапевт-маман Пунам Десаи мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Десаидің айтуынша, жабыспайтын немесе керамикалық жабыны бар табаларда ойық, сызаттар мен қырылып қалған іздер болса, тамаққа микропластиктер енеді. Бұл кішкентай бөлшектер ерімегендіктен, ағзада ұзақ уақыт бойы қалуы мүмкін.
Дәрігердің айтуынша, микропластик эндокриндік жүйені бұзады, соның кесірінен гормоналды дисбаланс туындауы мүмкін, сонымен қатар бауыр қатерлі ісігінің даму қаупі айтарлықтай артады.
Десаи жабыспайтын жабыны бар ыдыстарды пайдаланбауға немесе олар сырылып, ескіре бастаған кезде бірден тастауға кеңес берді.
Төрт мезгіл тамақ, киім мен жатын орын: Қазақстан баспанасыздарға қандай көмек береді
Шетелде 400 мың теңге жәрдемақы, баспана мен қарызын өтеуге көмек беріледі
«Анам комада жатыр»: Жамбыл облысында әйел бұрынғы күйеуінің үйінен ауыр жарақатпен табылды
Облыстық департамент жағдайды өз бақылауына алды