Дәрігер қан қысымын төмендететін өнім түрлерін атады
СМ-Клиникасының жалпы тәжірибелік дәрігері және диетологы Елена Тихомирова қан қысымын құрамында каллийі көп тағамдардың түсіруге көмектесетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша кез келген көкөністерде әсіресе қияр, ақжелкен, аскөк, салат жапырақтары, қырыққабаттарда каллийдің көп мөлшері болады.
Жидектер мен жемістер де калий көзі болып табылады. Құлпынай, шабдалы, алма, қауын, қарбыз қан қысымының төмендеуіне ықпал етеді.
"Жемістердің, әсіресе қарбыздың қабынуды басатын әсері күшті", - дейді дәрігер.
Ол көкөністердің барлығын тұз бен дәмдеуіштерді қоспай тұтынылатын болса, пайдалы болатынын атап өтті.
Диетолог сонымен қатар қысымды қалыпқа келтіру үшін су ішу режимін сақтау маңызды деп санайды.
"Қарапайым судың жақсы диуретикалық әсері бар. Суды көп ішу және диетада тұзды тағамды азайту, денеден артық сұйықтықты кетіруге, ісінуден арылуға көмектеседі. Демек, қысымның төмендеуіне әкеледі", - дейді дәрігер.
Дегенмен, диетолог бұл шаралардың қысымды айтарлықтай төмендетуі екіталай екенін ескертті. Ол егер адам гипертониядан зардап шегетін болса, арнайы дәрі-дәрмектерді тағайындайтын дәрігерге ғана емделуі керек екеніне сенімді.