Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Дәрігер бедеу екенімді айтты": Сая Оразғалиева бірінші күйеуімен ажырасуы мен балалы болуы жайлы

Сая Оразғалиева бірінші күйеуімен ажырасуының себебін түсіндірді. Актриса бір кездері дәрігерлердің өзіне "бедеу" деп диагноз қойғанын, соған қарамастан, бүгінде үшінші перзентін күтіп жүргенін айтты. Ол экс-жарымен ажырасуға бел буған кезде сәби күтіп жүргенін білген. Бұл туралы ол Айнұр Ілиясованың "MOM'sкий әңгіме" подкастында ашық айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ажырасқан кезде ұлым 1 жаста болған. Менімен татуласуға тырысқан кезінде аздап араласып жүрді. Одан кейін болды. Өкінішке қарай, "еркекке әйел керек болып тұрғанда ғана бала керек" деген пікірмен келісемін", – деген Сая Оразғалиева тұңғыш ұлы Радмирдің әкесімен араласпайтынын ашық айтты.

Сөзінше, экс-жарымен дәм-тұзы жараспай, екіге кеткен соң, олар заңды түрде мүлікті бөліспеген. 

"Мен оған пәтерді қалдырып кеттім. 21 жасымда намысқой, бірақ кедей болдым. Кейін ойлана келе, алиментке өтініш бердім. Бірақ ол төлемей жүрді. Онда тым болмағанда баладан бас тартуын сұрадым. Ондай жағдайда жалғызбасты ана ретінде қандай да жеңілдіктерге ие болып, пәтерге кезекке тұрар едім. Бірақ ол көнбеді. Не баламен араласпады, не бас тартпады. Ақырында 2 жыл соттасып, құқығын шектедім. Қазір алимент төлейді. Бірақ балаға ешқандай құқығы жоқ", – дейді Сая Оразғалиева.



Айтуынша, ажырасуына күйеуімен түсінісе алмауы себеп болған.  

"Мені ол адаммен ештеңе байланыстырмайтынын түсіндім. Оған дейін дәрігерлер маған "бедеусің" деп айтқан болатын. Ажырасамын дегенде балалы болатынымды білдім. Аяққа тұрған соң, кетіп қаламын деп ашығын айттым. Тағы бір жыл шыдадым.
Егер ол жақсы әке болса, мен өзімді құрбан етер едім. Бірақ ол балаға да қарамады. 40 күнге толмастан, "маған көңіл бөлмейсің" деп айта бастады", – дейді Оразғалиева.  

Талқылау