Дариға Назарбаеваның ұлы "Транстелекомның" директорлар кеңесін басқаратын болды
Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиен немересі Нұрәли Әлиев жаңа қызметке тағайындалды. Ол "Транстелеком" АҚ Директорлар кеңесін басқаратын болды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
фото: mnews.kz
Мұндай шешім 25 шілдеде акционерлердің жалпы жиналысында қабылданған.
"Транстелеком" АҚ (Астана) KASE-ге компанияның директорлар кеңесі 2023 жылғы 25 шілдедегі акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен сайланғанын хабарлады",- деп мәлімдеді KASE.
Сондай-ақ директорлар кеңесінің құрамында: Әлиев Н.Р., Покупателев Д.А., Өтемұрат Б. М., Гумаров Э. М., Ахметжанов А.М., Чеховский В. А., Ибраимов К.У. бар.
KASE ақпаратынша, компания 2022 жылдың қорытындысы бойынша акционерлерге дивидендтер төлемейді.
Ағымдағы жылдың шілде айының басында "Транстелекомның" акционерлері 75 пайыздық үлеске ие "Unit Telecom" ЖШС және "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы (25 пайызға тиесілі) болды.
Талқылау
"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
Министрліктің мәліметінше, бұған дейін әр өңірде су бағасы әртүрлі есептелген
Астаналық әйел тірі ұлын "өлтіріп", 100-ге жуық әріптесінен ақша жинаған
Жәбірленуші: "Гүлмира Ашимова Ұлттық ұландағы подполковниктің әйелі"