"Шұжық пен бір тілім нан ғана": Желіде Ақмола облысында өрт сөндірген құтқарушыларға жағдай жасалмағаны туралы ақпарат тарады

Желіде Ақмола облысындағы дала өртін бірнеше күн бойы сөндірген өрт сөндірушілерге тиісті деңгейде тамақ берілмегені туралы ақпарат тарады. Айтуларынша, оларға тек бір шұжық пен бір тілім нан берілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жарияланым авторы құтқарушыларды қамтамасыз етуді ұйымдастыруға байланысты қала әкімдігін де сынға алған. Жазбада өрт сөндірушілерге "екі шұжық пен бір тілім нан ғана берілгені", ал кейбір қызметкерлер "тек сумен қалғаны" туралы айтылған.
Осыдан кейін Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті табиғи өрттерді сөндіруге шығатын қызметкерлер қажет құрғақ азық-түлік пен ауыз сумен қамтамасыз етілетінін хабарлады. Сондай-ақ ведомство мәліметінше, Степногорск әкімдігі өртті сөндіруге қатысушыларға ыстық тамақ жеткізуді ұйымдастырған.
ОқыңызКейін Степногорск қаласының әкімдігі ірі дала өртін сөндіруге қатысқан шамамен 200 құтқарушының тамақсыз қалғаны туралы жазбаға түсініктеме берді.
"Өртті жою жұмыстарына тартылған қызметкерлерді қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы орган ыстық тамақ, ауыз су және қойылған міндеттерді орындауға қажет барлық жағдайды ұйымдастырды. Сонымен қатар жеке құрамға қосымша ыстық тамақ пен сусындар берілді", – деді әкімдік.
Әкімдік қабылданған шаралар төтенше жағдайды жою кезінде өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды қажет заттардың барлығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік бергенін атап өтті.
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті