Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дариға Назарбаева Қаңтар оқиғасы алдында президент болған соң "кімнің басын жұлып алатынын" талқылаған – ҰҚК экс-төрағасы

Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева Қаңтар оқиғасының алдында президент болған соң "кімнің басын жұлып алатынын" талқылаған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Амангелді Шабдарбаев Abay Live YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты. 

Дариға

Шабдарбаевтың сөзінше, Нұрсұлтан Әбішұлы Дариға Назарбаеваны президент етіп сайлаймын деп сендірген. Осылайша Назарбаевамен "ойнады" дейді. 

"Сен президент боласың" деп сендіріп тастаған. Дариғаның өзі де бұған сеніп келді. Бірақ Нұрсұлтан Әбішұлы Дариғаны президент етпес еді. Неге Дариғаға "президент боласың" деді? Себебі Дариғамен ойнады, саяси ойын жүргізді. Содан кейін отбасыларының ішінде Рахатқа қатысты құпияны Дариға білуі мүмкін. Осыдан қорыққан соң Дариғаны сендіріп, алып келді", – дейді ол.

ҰҚК экс-төрағасы Қаңтар оқиғасының орын алатынын Мәсімовтің өз аузынан естігенін мәлімдеді. 

"Мәсімовпен Қаңтардың алдында кездескенмін. Екеуміз әңгімелескенбіз. Сонда маған көп нәрсе айтты. Қаңтар оқиғасынан бір жыл бұрын Дариғаға "Сен президент боласың" деп айтқан. Ал Дариға келісті, Мәсімов бұған куә болды. Сосын Дариға қуанып, Балиева бар, достарын шақырды. Ал Назарбаев Мәсімовке тапсырма беріп, олардың әрекетін жазып алу керегін айтты. Сонда олар (Дариға мен достары) ертең президент болғанда кімнің басын жұлып алатынын, кімді қалай істейтінін айтады. Ал ертеңгі күні жазылған дүниені Назарбаев көрген соң Дариғаға "Сен мына түріңмен қалай президент боласың?" деген. Кейін қызын Сенат спикері лауазымынан алып тастады", – деп қосты ол.

Талқылау