Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бұрын зорлық жасағаны үшін сотталып шыққан: Алматыда бірінші сынып оқушыларын зорламақ болған педофил сотталды

Сауда орталығының әжетханасында екі бірдей жасөспірімді зорламақ болған педофил сотталды. Бірінші сынып оқушыларын аңдып, арам пиғылын іске асырғысы келген азғын енді 10 жылын темір торда өткізуі тиіс. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп хабарлайды.

Ата-анасы екі досымен бірге 14 жасқа толмаған қызын зорлаған

Сұмдық жағдай былтыр жазда Алматыда болған. Кинодан еш алаңсыз шыққан екі қыздың соңынан дәретханаға ер адам еріп кірген. Арпалыста қыздардың бірі қашып үлгеріп, көмекке үлкендерді шақырады. Содан айқайға дер кезінде күзет жетіп келіп, 7 жастағы оқушыны педофилден құтқарып қалған болатын.

Сот материалдарынан белгілі болғандай, азғын қыздарды жол бойы аңдыған. Абырой болғанда, әжетхана кабинасының есігін жауып үлгермепті. Педофилдің әйелдер әжетханасына кіріп кеткенін жан баласы көрмеген. Ал оның құрбаны бола жаздаған қыздарды сауда орталығына сынып жетекшілері мен ата-аналары кино көруге алып барған екен.

Айта кетсек, 32 жастағы сотталушы 10 жыл бұрын да бала зорлап жазасын өтеп шыққан. Жаман әдетін сол күйі қоя алмаса керек. Сот кезінде азғынның арам пиғылына кіріспес бұрын қаршадай қыздарға порнороликтер көрсеткені де айтылды.  

"10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот анықтағандай, аталмыш тұлға өзінің ұялы телефонымен 8 жастағы екі қызға порнографиялық бейнежазбаларды екі рет көрсетіп, күш қолданбай азғындық әрекеттер жасағаны анықталды", - дейді Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын.

Талқылау