Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі өтетін уақыт белгілі болды
Жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) келесі жекпе-жегін сәуір айының ортасында өткізеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Енді Matchroom Boxing басшысы алдағы шоу 17 сәуірде өтетінін нақтылады. Іс-шара АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында өтеді деп жоспарлануда.
Данияр Елеусінов: Екі ұлым екі әйелден туған, АҚШ-та тұрамыз
Данияр Елеусінов қарсыласының аты әлі белгісіз. Хирннің айтуынша, олар ең жақсы қарсыласын табуға ниетті, тіпті ол үшін артық төлем жасау керек болса да.
27 қарашада өткен соңғы жекпе-жегінде Данияр әлемнің экс-чемпионы намибиялық Джулиус Индонгоны (23-3, 13 КО) екінші раундта нокаутқа жіберіп, жартылай орта санатта IBF Inter-Continental бос атағын жеңіп алды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
