Данияр Елеусінов Жанқош Тұраровпен бір кардта өнер көрсетеді
Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

IBO тұжырымы бойынша әлемнің экс-чемпионы Данияр Елеусінов Алматыда өтетін бокс кешінде шаршы алаңға қайта оралады. Елеусінов 28 қыркүйек күні AllStarsBoxing кешінде кәсіби мансабындағы 12 жекпе-жегін өткізеді. Дегенмен Даниярдың қарсыласы әлі белгісіз. Сондай-ақ бұл кеште IBO нұсқасы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы Жанқош Тұраров та шаршы алаңға шығады.
Айта кетейік, Данияр Елеусінов (11-0,6 КО) соңғы жекпе-жегін Астанада болған "Чемпиондар түні IBА" – "Astana Arlans" турнирінде өткізді. Ол 6 раундтық кездесуде Джабулани Макхенсені төрешілер шешімімен ұтқан еді.

