Данияр Елеусінов өзбекстандық әлем чемпионатының күміс жүлдегерімен жекпе-жек өткізеді
Олимпиада және IBO тұжырымы бойынша әлемнің экс-чемпионы Данияр Елеусінов "Чемпиондар түні IBА" бокс кешіндегі екінші жекпе-жегін өзбекстандық Сайджамшид Джафаровқа қарсы өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: IBA
Олимпиада чемпионы 27 сәуірде, Алматыда өтетін "Чемпиондар түні IBА" халықаралық кәсіпқой бокс кешінде әлем чемпионатының күміс жүлдегері, өзбекстандық Сайджамшид Джафаровқа қарсы жұдырықтасады. 8 раундқа жоспарланған жекпе-жек 71 келі салмақ дәрежесінде өтеді. Өзбекстандық былғары қолғап шебері жанкүйерлерге етене таныс. Ол 2023 жылғы әлем чемпионатының финалында Асланбек Шымбергеновке есе жіберген еді.
Айта кетейік, Данияр Елеусінов (11-0,6 КО) соңғы жекпе-жегін Астанада болған "Чемпиондар түні IBА" – "Astana Arlans" турнирінде өткізді. Ол 6 раундтық кездесуде Джабулани Макхенсені төрешілер шешімімен ұтқан еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

