Даниядағы Мысыр елшілігінің алдында тағы да Құранды өртеді
"Даниялық патриоттар" радикалды тобының мүшелері Дания астанасындағы Мысыр елшілігінің алдында Құранды өртеп жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

"Исламға қарсы бес белсенді Копенгагендегі Мысыр елшілігінің алдында Құранды өртеп жіберді. Бұл көршілес Швецияда Құран өртелгеннен кейінгі Данияда бір аптадан аз уақыт ішінде орын алып отырған үшінші оқиға", - деп хабарлады агенттік.
Бір күн бұрын бұл ұйым мүшелері Копенгагенде Иран мен Ирак елшіліктерінің ғимараттары алдында Құран Кітапты өртеген.
Дания мен Швеция мұсылмандардың қасиетті кітабының өртенгеніне өкініш білдірді. Бірақ сөз бостандығын қорғайтын ережелерге сәйкес, олар келісілген наразылық шараларына кедергі келтіре алмайды.
Шілденің 9-ы күні Стокгольмде "Құранды өртеуді доғарыңдар" атты акцияға 3 мыңға жуық адам қатысты. Шеру 28 маусымда қасиетті кітапты өртеген қала орталығындағы Медборяплатсен алаңында өтті.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар